“Енді бастарыңнан ешкім сипамайды” Облыс әкімі қала мен аудан әкімдерін сынға алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 17:32 0

Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудан әкімдері облыс әкімінің сынына ұшырады. Облыс әкімдігінің мәжілісінде бірқатар әкімдердің белгілі бір саланы дамытуға қатысты нақты цифрлармен жұмыс істей алмайтындығы және хаттамалық тапсырмалардың орындалмауы талқыланды. Қала мен аудан әкімдері облыс әкімінің сұрақтарына жауап бере алмады. Мысалы, кейбір әкімдер туризм саласына салынған инвестиция көлемін және тіркелген жүкті әйелдердің санын атай алмады. 

– Енді бастарыңнан ешкім сипамайды. Әлеуметтік желілер мен сауалнамаларды қараңдар. Тұрғындардың сендердің жасап жатқан жұмыстарыңа көңілі толмайды. Жағдайды өзгертуге болады, егер азаматтардың түйткілді мәселелерін шешілсе, - деді Ермек Көшербаев. 

Күрделі мәселелердің бірі – мал басын есепке алу. Тексеру нәтижесінде кейбір малдардың шетелге немесе ел ішінде сатылып жатқандығы, олардың еш жерде есепке алынбайтындығы, бұл операциялардан бюджетке салық төлемдері түспейтіндігі белгілі болды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив