Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына 600-ден астам кірме теміржолы берілді.
– Кірме жолдарды техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жөндеп, қалыпқа келтіру жоспары бекітілді. Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қысқа мерзімде аталған учаскелер бойынша тасымалдау сұранысын толық қанағаттандыру үшін 22 мыңға жуық шпал, 42 мыңнан астам темір жол төсемі және 3 мыңға жуық брус және басқа да материалдар ауыстырылды. Сонымен қатар, «TUVRheinland» халықаралық компаниясымен жасалған келісімшартқа сәйкес, «КСО» АҚ сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі техникасы бойынша алғаш рет сертификатталды, - делінген министрлік хабарламасында.
«КСО» АҚ акцияларының жүз пайыздық пакеті республикалық мемлекеттік меншікте. Кәсіпорын жылжымалы құрамның өтуіне, тиеу-түсіруге, сондай-ақ жылжымалы құрамды тұраққа қоюға арналған кірме жолдармен қамтамасыз ету қызметтерін көрсетеді.