Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-06-2024, 09:09 0

Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Елдегі барлық су қоймаса 100 пайызға жақын толып тұр.

"Жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі", деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

"Ал Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді. Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді" деп жазылған министрлік ақпаратында.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив