ШҚО-дағы экология департаментіне уақытша жаңа басшы тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:20 0

Бұл лауазымға 1992 жылы туған Азамат Нұрланұлы Тәуірбеков тағайындалды. 

Азамат Нұрланұлы Семей қаласының тумасы. Білімі бойынша эколог.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, оның алдында ШҚО-дағы экология департаментінің басшысы болған Мамай Бутабаевты таяуда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «пара алды» деген күдікпен ұстаған болатын.

Өткен жылы СЖҚҚ дәл осындай айыппен осы бөлімнің басшысы болған Данияр Әлиев пен оның орынбасары Рауан Тұраровты ұстаған.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив