Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінде ведомство басшысының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды.
▪️Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Азамат Нұрланович Тауырбеков тағайындалды.
▪️ 1992 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған. 2014 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін эколог мамандығы бойынша бітірген.
▪️Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы – Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.
▪️Республика өңірлерінде жұмыс істеу тәжірибесі бар, өз жұмысында Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсарту, өңірдің экологиялық проблемаларын кезең-кезеңімен және қол жеткізерліктей шешу, жұртшылықпен және табиғат пайдаланушылармен жұмысты оңтайландыру мақсатын қояды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана антикор Шығыс Қазақстан облысының бас экологы Мамай Бұтабаевқа қатысты тергеуді бастаған. Шенеунік 15 шілдеде пара алу кезінде ұсталған. Ол келісілген 180 млн теңгенің 10 млн теңгесін алмақшы болған.
Басқарма басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарап жатыр.
Бұтабаев бұл қызметке басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Әлиев пен оның орынбасары Рауан Тұраровты 2023 жылдың соңында күш құрылымдары ұстаған соң тағайындалған. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Аэроғарыш қорғанысы басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Әлиев те тергеуге алынған болатын. Ал осыдан бір ай бұрын оның орынбасары Рауан Тұраров жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, сотталған болатын.