«63 миллион теңге залал келтірген» екі шенеунік сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 10:11 0

Сот облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нұралиев пен оның орынбасары А.Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.


«Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және салмақтық көрсеткіштерден асатын кенді заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекетке 63 миллион теңге залал келтірілген», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаев 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив