Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшысы келді - Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:45 0

Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Әнуарбекова Қымбат Сәрсенбаевна тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қымбат Сәрсенбаевна 1989 жылдың 11 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. Қазақстан-Американ еркін университеті колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан-Американ еркін университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын мемлекеттік басқару саласында бастаған. Ұлан ауданы мен Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Каменка ауылдық округі әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Сондай-ақ Өскемен қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімін басқарған.

«Мемлекеттік басқару, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі мол.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив