Өрт маусымы: ШҚО-да құтқарушылар дайындықты бастап кетті

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:51 0

Өрт қаупі күшейетін маусым басталғалы Шығыс өңірінде 4 орман өрті тұтанды. Жалпы 181,1 гектар аумақты жалын шарпыған. Мамандар биылғы жаз құрғақ болады деп болжап отыр. Сондықтан құтқарушылар өрт сөндіру дағдыларын алдын ала пысықтап, дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Оқу-жаттығулардың алғашқы күнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел басқару орталығында штаб құрылды. Аймақта хабарландыру жүйесі – теле және радиоарналарды басып алу арқылы тексерілді. Оперативтік топ басшылары мен қызмет жетекшілерінің есептері тыңдалды.

«Штабтық жаттығу облыстың азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайын күйге келтіруге, басқару, жағдай туралы деректерді жинау, қорыту және талдау, сондай-ақ табиғи өрттерді жою және құтқару мен өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге бағытталған», – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Департаментте қазір 1589 қызметкер мен 306 техника бірлігі бар. Сондай-ақ қауіпті кезеңде 12 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы жағдайд бақыланады.

Қазір құтқарушылар рейд жүргізіп, арнайы мобильдік топтар жұмыс істеп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив