Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері аяқталған қылмыстық істер бойынша 195 миллиард теңгеге жуық шығынды өтеп берді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали мәлім етті.Сыбайлас жемқорлықпен күресудің небәрі 2,5 жылында олигополиялардан Қазақстан халқына 1,07 триллион теңге қайтарылды.
«Қазіргі жағдайда қаражат басқа юрисдикцияларға жиі аударылады, сондықтан ұрланған мүлікті анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен - БҰҰ жанындағы GlobE, Egmont Group, CARIN және ARIN-мен белсенді ынтымақтасады, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді», - делінген Антикор берген мәліметте.
Антикор Австрия, Франция, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей елдерінен 736 миллион доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зергерлік бұйымдар қайтарылғанын мәлімдеді. Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарымен 13 меморандум жасасты, оның ішінде 4-еуіне биылғы жылы қол қойылды. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресей мемлекеттерімен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.