ШҚО-да 4430 оқушы мектеп бітіреді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:37 0

Елімізде 2024–2025 оқу жылы аяқталуға жақын қалды. ШҚО-да 4430 түлек мектеп бітіріп жатыр. Оның 368-і «Алтын белгіге», 403-і үздік аттестатқа үміткер. шығысқазақстандық оқушылар Ал жыл бойында республикалық олимпиадаларда барлығы 185 жүлде жеңіп алған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова оқу жылын қортындылап, өңірдегі білім жайын баян етті. 

ШҚО-да 148-і – мемлекеттік тілде, 100-і – орыс тілінде, 95-і – аралас мектептер. Бұл мектептерде 98 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

– Биыл 4430 түлек мектеп бітіріп отыр. Олардың 368-і «Алтын белгіге», 403-і үздік аттестатқа үміткер. Қуаныштысы, өткен жылмен салыстырғанда «Алтын белгіге» үміткерлер саны 111 оқушыға артты (2024 ж. – 257). Бұл сапалық өсім білім беру үдерісіндегі оң өзгерістерді, мектептердің нәтижеге бағытталған жұмысын көрсетеді, – деді басқарма басшысы Инесса Чернышова.

Шығысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиадаларда 31 алтын, 56 күміс және 8 қола медаль, барлығы 185 жүлде жеңіп алды. Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиадада жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыс командасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, өңірлік команда «Үздік олимпиадалық команда» аталымын иеленді.

Басқарма басшысының айтуынша, түлектердің 76 пайызы жоғары оқу орындарына түсуді жоспарласа, 7,2 пайызы колледжге бет бұрған. Бұл білім алушылардың кәсіби бағдарлануы мен жоғары білімге ұмтылысының жоғары екенін көрсетеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген түлектердің үлесі – 84 пайыз. Бұл – республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Сонымен қатар, 90 пайыз оқушы сынама тестілеуден өткен. Бұл – дайындық сапасының жоғары деңгейде екенін білдіреді.

Биыл 9104 оқушы 9-сыныпты аяқтап отыр. Олардың 994-і үздік аттестатқа үміткер болса, 3724 оқушы (41 пайызы) колледжге түсуді таңдаған. Бұл көрсеткіш 11-сыныппен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бұл кәсіби бағдар мен ерте мамандану үрдісінің нәтижесі екені белгілі.

9 және 11-сыныптар үшін мемлекеттік емтихандар 29 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Емтихандар дәстүрлі форматта жүргізіледі. 5–8 және 10-сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен емтихан 26–30 мамыр аралығында өтеді. Ерекше қажеттілігі бар оқушылардың емтиханнан босатылуы білім беру жүйесінің инклюзивтілік қағидаттарын ұстанатынын байқатады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив