Өскеменде бір шақырымға созылатын жағалау салынып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 15:49 0

Үлбі жағалауында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ұзындығы 1200 метр болатын тас жолы өзен арқылы өтетін екі көпірді байланыстырып, маңызды логистикалық элементке айналады. 

Мұндай жобаны қала соңғы рет жетпісінші жылдардың аяғында қолға алған. Кейіннен Ертіс бойына жағалау салынды. Енді жаңа техникалық маңызды нысан пайда болды. Бұл жағалау жайлылық пен демалыстың заманауи талаптарын ескере отырып салынып жатыр. Ол үлкен аумақтар мен инфрақұрылымды біріктіреді.

Қазір құрылыс алаңында жаңа қоғамдық кеңістіктің бөлшегі бой көрсете бастаған. Өскемендіктер жобаның қала үшін пайдалы екенін айтады. Олар Үлбі жағасында серуендеуді асыға күтеді. Жоба аясында өзен жағасында үш субұрқақ, сондай-ақ екі ойын алаңын орнату жоспарланып отыр. Олардың бірі ағаш арқалықтардан эко стильде жасалады. 

Құрылысты тамыз айының соңына, яғни  қала күніне дейін аяқтау жоспарланған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив