Министрліктегілер еліміздің солтүстігі мен шығысын газбен қамтамасыз етудің нұсқасын қарастырып жатыр
Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін солтүстік пен шығысты газбен қамтамасыз етудің нұсқасын анықтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Zakon.kz жазды
16 шілде күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында еліміздің солтүстігі мен шығысын газбен қамтамасыз етудің екі нұсқасы зерттеліп жатқандығы туралы хабарлады.
Сәтқалиев Qazaq Gaz компаниясы қазір солтүстік және шығыс аймақтарды газдандырудың екінші сценарийі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.
– Қараша айында техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭО) аяқтау жоспарланды. Ресей арқылы газдандыру туралы шешім қабылданбаса, онда газ құбырын кеңейту сценарийі «Сарыарқа» арқылы қабылданады. Біз қараша айында техникалық-экономикалық негіздемесін күтеміз, содан кейін жылдың соңына дейін нақты шешім қабылдаймыз, - деді министр.
Бұған дейін үкімет отырысында ол министрлік солтүстік және шығыс өңірлерді газбен қамтамасыз етудің екі нұсқасын зерттеп жатқаны жайында және сонымен қатар бірінші нұсқа ретінде «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын жалғастыру арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру қарастырылып жатқандығын айтты.
– "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана бұл жоба жүзеге асуы мүмкін. Екінші нұсқа ретінде Ресейден газ жеткізу мүмкіндігі қарастырылып отыр, QazaqGaz және «Газпром» бұл мәселе бойынша коммерциялық келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздер аяқталғаннан кейін экономикалық және техникалық аспектілерді ескере отырып солтүстік және шығыс аймақтарды газдандырудың оңтайлы нұсқасы таңдалады, - дейді Алмасадам Сәтқалиев.