Өскемен әуежайында жөндеу жұмыстары аяқталды.
1966 жылы салынған әуежайда көптеген техникалық мәселелер қарастырылмаған. Мәселен, ауаны желдету және баптау жүйелері болмаған. Есесіне жақында жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде бұл кемшіліктер жойылып, әуежайдың күту залына 10 желдеткіш орнатылды.
- Тұрғындардың өтініштеріне байланысты әуежайда намаз оқуға арналған бөлме пайда болды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт орнату да жоспарда бар, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Қазір әуежайдағы жаңа күту залы 90 адамға арналған. Алдағы уақытта әуежай кешені сағатына 200 жолаушы орнына 400 жолаушыны өткізбек.