Өскемендегі ат спорты жарысына 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі шабандоз келді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 10:08 0

19-20 шілдеде Өскемен қаласының іргесіндегі «Титан» ат спорты клубы мен жабық ат спорты манежінде Паралимпиадалық және арнайы Олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары үшін «Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кубогына» арналған Ашық Республикалық турнир өтті.
Турнирге Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының және Алматы, Астана қалаларының спортшылары қатысты.
- Ашық Республикалық турнирге мүмкіндігі шектеулі 40-қа жуық шабандоз қатысты. Жалпы мұндай жарыстар мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі шексіз екенін көрсетіп, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, – дейді бас төреші Руденко Екатерина.
Мұндай сайыстар облысымызда сегізінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жолғы сайысқа ҚР Ат спорты федерациясы, «Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры және «Қазмырыш» ЖШС қаржылай қолдау көрсеткен.
Айта кету керек, бұл мүмкіндігі шектеулі шабандоздар үшін Қазақстанда өткізілетін жалғыз жарыс. Алдағы уақытта бұл шабандоздар ҚР чемпионаты алдында өз бақтарын сынап көреді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив