Риддерде I ұлттық «Ата-мұра ойындары» өтіп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:00 0

Бүгін Риддер қаласында  I ұлттық «Ата-мұра ойындары» өтіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Сағат 10:00-де жарыстың салтанатты ашылуы өтті. 

I ұлттық «Ата-мұра ойындары» аясында қыз қуу, арқан тарту, топ-бәйге, аударыспақ, қазақша күрес, қазақтың тазы иттері арасында "шыға тарту" турнирі, жаппай жүгіру жарысы өтеді. 

– Бүгін Риддер қаласында «Ата-мұра ойындарына» жан-жақтан Оңтүстік, Солтүстік Қазақстаннан, Орал, Ұлытаудан азаматтар келіп біздің ойындарға атсалысуда. Осы бүгін садақ ату, арқан тарту, аударыспақ ұлттық ойындарынан жарыстар өткізіліп жатыр. Осындай іс-шараны ұйымдастырған Риддер қаласының әкімдігіне алғыс айтамын. Көкмайсада спортшылар кеудесін қағыстырып, түрлі спорттан бақ сынауда. Риддерде Ата-мұра ойындары бірінші рет өткізіліп жатыр. Риддер қаласында ұлттық спортты дамытуға атсалысып жатырмыз. Осындай іс-шаралар ұлттық спорттың рухын көтереді, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Еркебұлан Төреханов. 

I ұлттық «Ата-мұра ойындарына» еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысуда. 

– Барша жұрт осы Риддер қаласында өтіп жатқан «Ата-мұра ойындарына» жиналдық. Мен өзім осы Риддер қаласының арқан тартыс командасының мүшесімін. Жаңа арқан тартыстан тартысты бір сайыс болды. Бозанбай командасын жеңдік, енді келесі сайыстардада жеңіске жетеміз деген үміттеміз. Осындай іс-шаралар біздің қазақ халқының ұлттық ойындар дәріптейді, – деді Ринат Ерболов.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив