Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жалған диплом сатып алған. Жалған құжат иесіне қатысты қылмыстық іс Үлкен Нарын ауданының сотында қаралды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасу үшін Л. есіміді әйелге диплом қажет болған.
– 2020 жылдың қыркүйегінде Л. нақты оқудан өтпей, "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін беру туралы жалған диплом алуға келісті. 2022 жылдың маусым айында ол жалған құжат алды. Сотқа дейінгі тергеу барысында Л.жоғары оқу орнында оқымағаны анықталды, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша (көрінеу жалған құжатты пайдалану) қаскүнемге 98 300 теңгеге айыппұл салынды.
Үкім күшіне әлі енген жоқ.