ШҚО-дағы ескі австриялық жол жөнделеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 20:52 0

Келесі аптада Шығыс Қазақстандағы ескі австриялық жолды жөндеу жұмыстары басталады.

Бұл туралы бүгін Катонқарағай ауданы тұрғындарымен кездесуде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов мәлімдеді. Ол қажетті техника мен мамандар келесі аптада аталған нысанға жеткізілетінін атап өтті.

Ескі австриялық жол туристер арасында ерекше танымал бола бастады, себебі ол өңірдің ең көркем жерлерімен өтеді.

Жолмен қатар, көпірді жөндеу, сақиналы құбырларды ауыстыру және өзге де жұмыстар жүргізіледі. Бұл аталған учаскені тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив