Ақ Берелдің көпірі жаңартылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:46 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданына жұмыс сапары барысында Ақ Берел өзені арқылы өтетін ағаш көпірдің апатты жағдайда екенін және оны қайта жаңғырту қажеттігін мәлімдеді.

«Язевое көлі туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. Алайда Ақ Берел өзені арқылы өтетін ағаш көпір апатты жағдайда тұр. Ол 1974 жылы салынған, тозу деңгейі – 90 пайыз. Көпірге шұғыл түрде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мәселені шешу үшін қазіргі таңда көпірді қайта жаңғырту бойынша жоба әзірленді. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен конкурстық рәсімдер жүргізу үшін қаражат бөлінді.

Облыс әкімі Катонқарағай ауданының әкіміне жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, көпірді қайта жаңғыртуды аяқтау бойынша ұсыныстарды 15 шілдеге дейін енгізуді тапсырды.

Аталған көпір Жамбыл ауылдық округінің аумағында, Язевое көліне апаратын аудандық маңыздағы автожол бойында орналасқан. Бұл жол «Өскемен – Алтай – Рахман қайнары» республикалық автожолына жалғасады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив