Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары аясында Катонқарағай ауданына барып, Катонқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын тексерді.
Құрылысты мердігер ұйым – «QazConstructions» ЖШС жүргізуде.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 90%-ы аяқталған. Атап айтқанда: спорт және бассейн залдарында, жылу құбырларын төсеу және орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, өртке қарсы дабыл беру және бейнебақылау жүйелері орнатылған, ішкі есіктер мен терезе блоктары ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары орындалған.
Әлі аяқталмаған жұмыстар қатарында – су айдау стансасына насос орнату, абаттандыру, іске қосу-баптау жұмыстары бар.
«2020 жылы басталған ұзақ мерзімді құрылыс – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет. Сонымен бірге, ФОК маңындағы аумақты абаттандырып, қоқыстан тазартып, ретке келтіру керек», – деді облыс әкімі.