Өскемендегі жаңа жағалауға ырғай егіп жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 15:26 0

Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасында салынып жатқан жаңа аллеяда ырғай егіліп жатыр. Кішкентай қызыл жемістері бар бұталар қалаға сән береді. Жемістері көзге әдемі көрінгенімен, жеуге жарамсыз. 

Бұрын Өскеменде мүлде ырғай егілмеген. Енді Спорт сарайының артындағы жаңа жағалауда жаппай отырғызылып жатыр. 

Қала әкімі Жақсылық Омар ырғайлар веложол мен көліктер жолын бөліп тұратынын айтты.
- Біз қаламызда ырғайды алғаш рет отырғыздық. Оң нәтиже береріне сенімдіміз. Бір шақырым жерге отырғызылған ырғайлар бірнеше жылдан кейін биік, сәнді болады, - деді әкім.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив