Алтайлықтар көк туды Бүркіт шыңына алып шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 11:39 0

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алтай ауданының жастары, еріктілері мен мемлекеттік қызметшілері Бүркіт шыңының 1152 метр биігін бағындырып, көк байрақты желбіретті.

«Бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттап, ұрпақты отансүйгіштікке баулу», - дейді ұйымдастырушылар. 

Шараға Жастар ресурстық орталығының спортшылары, еріктілері, «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешені, Алтай өндірістік алаңының Жастар кеңесі, Алтай ауданының мемлекеттік қызметшілері мен Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты. 

Қатысушылар көлемі 20×7 метр Мемлекеттік Туды биікке көтерді. Сонымен қатар қатысушылар Бүркіт шыңында Мемлекеттік Әнұранды шырқады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив