Оқушы жазда оңай-картасын жоғалтып алса не істейді?

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 11:16 0

             Оқушы ONAY! картасын жазғы демалыс уақытында жоғалтып алса, білім мекемесіне барудың қажеті жоқ. Жазғы демалыс уақытында мектеп әкімшілігі мекемеде болмауы да мүмкін.

 «Алматы қаласының Көлік холдингі» компаниясының жергілікті филиалының басшысы Арман Ысқақов бұл жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.

Картаны қайта алу үшін eGov.kz порталынан әлеуметтік идентификаторды, туу туралы куәлік пен баланың білімі туралы ақпаратты жүктеу керек. 

Осы құжаттардың көшірмелері мен баланың фотосуретін қосып, жеңілдік картасын қалпына келтіруге өтінішті тікелей ONAY! қызмет көрсету орталығына жіберуге болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив