Өскемен қаласының әкімі Болашақ шағын ауданының тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, бейнебақылау камералары мен көше жарығы орнату, аялдамалар қойып, қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту туралы сөз қозғалды.
Шағын ауданға автобус осы айда шығады. Ал көше жарығына қатысты мәселе назарға алынды.
«Мамандар қажетті өлшеулер жүргізіп, қосымша шамдар орнату мүмкіндігін зерделейтін болады», – деп мәлімдеді қала әкімдігінің өкілдері.
Қала әкімі Алмат Ақышов жөнделетін жол учаскелеріне барды.
– Орталық көшедегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскені аралап шықтым. Асфальт жабындысының сапасын тексеріп, жауапты мамандармен абаттандырудың келесі кезеңдерін талқыладық, – деді қала әкімі.