Риддердегі «Шаңырақ» мектебінің құрылысы қалай жүріп жатыр?

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-06-2025, 17:08 0

Риддердегі «Шаңырақ» мектебінің құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін құрылыс нысанының негізгі қаңқасын аяқтап, ғимаратты шатырлау жоспарланып отыр. Бұл алдағы қыс мезгілінде ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндік береді. 

Риддер қаласының әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мұндай маңызды жобаларды іске асыру барысында қоғам және ата-аналар қауымдастығымен ашық диалог жүргізудің маңыздылығына тоқталды. 

– Қаламыздың қалай жаңарып келе жатқанын көріп отырмыз. Осындай заманауи мектептің салынуы – білім беру саласындағы ілгерілеудің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар балалар мен болашаққа деген қамқорлықтың нышаны. Үлкен буын әрдайым жастарға бағытталған бастамаларды қолдайды, – деді қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабир Кагарманов.

Құрылыс алаңын аралау барысында болашақ мектептің негізгі нысандары көрсетіліп, алдағы кезеңдерде атқарылатын жұмыстар талқыланды.

– Біз үшін мектептің уақытында салынып қана қоймай, заманауи талаптарға сай болуы да маңызды. Біз, қоғам белсенділері ретінде, бақылау жүргізуге және халық пен атқарушы органдар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге дайынбыз, – деді қоғамдық кеңестің мүшесі Еркебұлан Төлеуханов.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив