Жылдың бес айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда есірткіге қатысты 114 іс тіркеліп, 40 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өңір аумағында есірткі таратқан жеті адам ұсталды. Тергеу барысында бір жарым келіден астам синтетикалық зат тәркіленген.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін 10 есірткі зертханасы жойылды. Тәртіп сақшылары есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды тоқтатпайды.