Назарларыңызға алдағы Олимпиада ойындары жайлыдеректерді ұсынамыз.
✔️Қазақстан тұңғыш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттық, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.
✔️Нысана көздеуден Қазақстан командасы тұңғыш рет алты спортшыны Олимпиадаға апарады.
✔️Париж Олимпиадасына қатысатын 80 қазақстандық спортшының ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр.
✔️Әйелдер күресінен Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет Олимпиададан сырт қалды.
✔️21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!