Өскеменде нысан өртеніп, бір адамды күйік шалды

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 16:32 0

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері термиялық күйік алған тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Өскемендегі Бажов көшесінде шаруашылық нысаны өртеніп жатыр.

Өрт жақын маңда тұрған «Volkswagen» маркалы көлікті және екі қабатты тұрғын үйдің шатырын да шарпыған.

Құтқарушылар 155 шаршы метрге тараған өртті сөндірді. Тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері термиялық күйік шалған тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив