сурет: zelengarden.ru
Риддер қаласында қазір 42 туристік нысан бар. Биыл нысандардың санын 45-ке жеткізу жоспарда бар. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Болат Акужанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Спикердің айтуынша, биыл Риддер жеке инвестиция есебінен екі қонақ үй ашылады. Сонымен қатар ірі тау шаңғысы курортын салу ісі де жоспарда тұр.
– Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталуы мүмкін, – деді Болат Акужанов.