"Өскемен - Риддер" жолында жүк көлігі өртеніп кетті

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2025, 16:00 0

Глубокое ауданының аумағындағы "Өскемен - Риддер" автожолында "Howo" маркалы жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Әзірге белгілі болғандай автокөліктің кабинасынан өрт шыққан. 

– Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер есебінің күшімен 6 шаршы метр аудандағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, –деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО құтқарушылары өрттен келетін шығынды азайту үшін өрт сөндіргішті пайдалану керек екенін ескертеді. Ол әрқашан көліктің салонында болуы тиіс. Өрт сөндіргіш оңай қол жетімді жерде болуы керек және әрқашан қолдануға дайын болуы керек, ол үшін оның жарамдылық мерзімін уақытылы бақылап тұру қажет.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив