Біріккен Ұлттар Ұйымының қабылдаған қаулысына сәйкес 2025 жылғы 11 шілде күні әлем бойынша алғаш рет аталып өтетін болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік жылқы күні туралы» қаулыны ресми түрде қабылдады. Бұған Моңғолия Республикасының Президенті басиамашы болып, 56 мемлекет бірлескен автор ретінде қолдап, қосылған.
Аталған қарарға сәйкес, Дүниежүзілік жылқы күні 2025 жылғы 11 шілде күні әлем бойынша алғаш рет аталып өтпек.
Дүниежүзілік жылқы күні туралы қарарды қабылдауға Моңғолия мен бірге Австрия, Бахрейн, Бразилия, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Венесуэла, Катар, Лесото, Марокко, Ресей Федерациясы, Португалия, Германия, Таиланд, Түркия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды 56 мемлекет бірлескен автор ретінде қолдап, қосылған.