Өскеменде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірлесіп орындаумен ашылды. Барша қатысушылар әнұранды жүрекпен айтып, патриоттық рухты сезінді.
Мерекелік жиынның ерекше сәті – жас мемлекеттік қызметшілердің Отанға адал болуға ант беру рәсімі болды. Жаңадан қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдап, облыстың мемлекеттік қызметшілері қатарына ресми түрде қосылды. Рәсім соңында оларға қызметтік куәліктер табысталды.
Бұл іс-шара елдік рухты көтеріп, мемлекеттік рәміздердің маңызын ұлықтай түсті.