Бас бостандығынан айырылғандарға жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:20 0

18 шілде күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков бас бостандығынан айрылғандарды түрмеде оқыту мүмкіндігі туралы хабарлады.  

Оның айтуынша, бүгінде түзеу мекемелерінде 45 мектеп бар, онда 1,5-тен астам сотталушы орта білім алады. 

– Курс соңында олар диплом алады. Оқыту бағдарламаларының азаматтық білім беру ұйымдарынан айырмашылығы жоқ, диплом мен сертификат мемлекеттік үлгіде беріледі. Сондай-ақ оқу орындарында олардың жоғары білім алу мәселесі де қарастырылып жатыр, - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив