Биыл күзде ауыл балаларының арасында аралас жекпе-жектен турнир өтеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен спортшы Шавкат Рахмоновтың кездесуінде айтылды.
Аймақ басшысы спортшылардың өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатынын атап өтті.
- Жақсы турнир ұйымдастырып, барлық аудандардың жігіттерін жинап алуымыз керек. Турнирдің қонағы ретінде атақты спортшыларды, тіпті мансабын аяқтағандарды шақырамыз, - деді Ермек Көшербаев.
Шавкат Рахмонов UFC демеушілігімен жартылай орташа салмақта өнер көрсетеді. Ол халықаралық спорт ұйымымен келісім-шартқа отырған алғашқы қазақ жігіті.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.