Кепілдіксіз берілетін несиелердің сомасына шектеу қойылуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:54 0

Қазақстанда кепілдіксіз берілетін несиелердің шекті мөлшері белгіленуі мүмкін. Мұндай өзгеріс көзделген қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжат «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» деп аталады.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар банктерден және шағын несие беретін ұйымдардан кепілсіз ресімдей алатын сома мөлшері шектелуі мүмкін. Банктерден алынатын кепілсіз несие сомасы 2200 АЕК (8 122 400 теңге), ал кепілсіз микрокредит 1000 АЕК-тен (4 061 200 теңге) аспауы керек. 

Ескерте кетейік, бұл жаңа нормалар кепілдік қойып алған несиелерге әсер етпейді.

Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады. Нақты шешім кейін қабылданады.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив