ШҚО-ның запастағы офицерлері мен сержанттары арнаулы әскери жиынға шақыртылды. Жиынға әскери есепте тұрған және денсаулығы бойынша жарамды деп танылған әскери міндетті азаматтар шақыртылады. Сондай-ақ шакырту жас шамасы 27-45 жас аралығындағы запастағы офицерлік құрам және 27-40 жас аралығындағы запастағы сержаттық құрамға да жіберіледі.
Бұл жолғы жиынға Шығыс Қазақстан облысының аудан, қалаларынан 370 әскери міндеттілер шақырту алды. 18 шілде мен 16 тамыз аралығында Павлодар, Абай және ШҚО облысының әскери міндеттілері арнайы әскери жиынды Абай облысындағы «Шығыс» палигонында өткізеді.
"Әскери жиынға жіберілетін әрбір міндеттілермен жеке-жеке сұхбат жүргізіліп, олардың патриоттық сезімдерін оятып, рухани жағынан жігерлендіріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Жиын әскери міндеттілердің функционалдық міндеттерін жетілдіруді, жауынгерлік әзірлігі мен тапсырмаларды орындау қабілеттілігін арттыруды көздейді", - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы подполковник Арман Қожмакулов.
Әскери жиынның негізгі мақсаты - бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, сонымен қатар жұмылдыру жағдайында запастағы әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және жинақтау.
Әскери жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, яғни оларға орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекет есебінен ең төменгі 85 000 теңге жалақы төленеді