"Рахман қайнарына жүгіріп шығу керек". Катонқарағайда әуесқой желаяқтар жарысы өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 11:54 0

Катонқарағай ауданының Берел ауылында «Qaton-Qaragai Trail Running Races – 2024» жарысы өтеді. Жарысты ұйымдастырушылар - ШҚО Қатонқарағай әкімдігі мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Берел ауылының маңында өтетін жарыс дистанциясы - 3 км, 5 км, 26 км және 60 км. Жарысқа кіру жарнасы 4 мың теңгеден 18 мың теңгеге дейін. Ал палатка тігу ақысы 3 мың теңге, үй жалдау құны 5 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейінгі аралықта.
Қатысушылар 3 км мен 5 км қашықтықты тегіс жолмен мұражайға дейін жүгірсе, 26 километрге жарысушылар Шұбарағаш ауылына дейін, ал 60 километрге қатысушылар Рахман қайнарына дейін жүгіріп барып қайтады деп жоспарлануда.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив