Өскеменде 4 жастағы баланы көлік қағып кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-07-2024, 13:33 0

ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 шілде күні сағат 17:20 кезінде Бажова көшесі, 548 мекен-жайындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Lada Largus көлігінің 69 жастағы жүргізушісі 4 жастағы баланы қағып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, бала жолдан жалғыз өзі емес, жанындағы үлкен кісімен бірге өтпекші болған. Жол-көлік оқиғасының кесірінен әлгі бала жарақаттанып, дереу ауруханаға жеткізілді.
Бұл іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар