Бәйтеректің орнына гүлзар егіліп жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 16-05-2024, 17:02 0

Өскемендегі “Бәйтерек” монументі және жанындағы “Биші қыздардың” мүсіндері орнынан алынғалы бірталай уақыт өтті. 

Шенеуніктер монументтің алынып тасталу себебін де түсіндірген болатын. «Бәйтеректің»  жерге біртіндеп шөгіп бара жатқаны, сол жердегі су құбыры мен кәріз жүйелеріне зиян болатындығы бұған дейін бірнеше рет айтылды да, жазылды да.

“Монумент қаланың басқа аумағында қайта құрылуы мүмкін бе?” деген сұраққа  әкімдіктегілер:
 - "Бәйтерек" пен "биші қыздарды" этнографиялық саябаққа орнату туралы  жоспар болған. Алайда, ескі темірдің тозып, коррозияға ұшырай бастағаны анықталды. Қазір арнайы мамандар техникалық сараптама жасап жатыр. Сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады"- деп жауап берді. 

Қазір монументтің орнына  гүлзар егіліп жатыр.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив