Қазыналы қарттар тоғызқұмалақ турнирінде бас қосты

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:31 0

Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша турнир өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – «Тоғызқұмалақ» бойынша турнир ұйымдастырылды. 

Ардагерлер ұйымының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған туринирге 30-ға жуық ойыншы жиналған. Облысымыздың тоғыз ауданынан келген тоғызқұмалақшылар да топқа түсіп, бақтары мен баптарын сынға салды.

– Турнирдің мақсаты – ұлттық ойын “Тоғызқұмалақты” дамыту, егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары арасындағы байланысты нығайту, –   дейді ұйымдастырушылар

Турнирге қатысушылар дайындықтарының жоғары деңгейін, стратегиялық ойлау қабілеттерін және дәстүрге адалдықтарын көрсетті. Іс-шара аға буын өкілдерінің бірлігін нығайтқан, жылы әрі достық пейілде өтті. Аймақтағы ардагерлер қауымдастықтарының жұмысын қолдауға әрі жандандыруға бағытталған іс-шараға жиналған қарттар ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпаққа үйретуге дайын екендерін айтып тарқасты. 

Сондай-ақ тоғызқұмалақ турнирінің басталу сәтінде Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті Болат Оспанов еліміздегі ұлттық ойының даму барысына тоқталып, өңірде тоғызқұмалақ ойынын дамытуға атсалысуға ниетті екенін айтты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив