Талқыда тіл саясатының тиімділігі, оның өзге ұлттар арасында қалыптасуына әсері мен ұлттық мәдениетті сақтау мәселелерікөтерілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
15 сәуір күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Мемлекеттік тіл мәртебесі және жастар» атты дөңгелек үстел басында жиын өтті
Шараның басты мақсаты-мемлекеттік тілдің мәртебесі мен жастар мәселесін талқылау болды.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын нығайту, жастар арасында оны дамыту және қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
Талқылау кезінде қазақ тілін енді үйреніп жүрген жастар өз ойларымен бөлісіп, тіл саясатының тиімділігі, оның өзге ұлттар арасында қалыптасуына әсері мен ұлттық мәдениетті сақтау мәселелері көтерілді.