Бір километр жол салуға қанша ақша кетеді?


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-06-2024, 11:15 0

Көлік министрі Марат Қарабаев құны 1 шаршы километр жолдың құны бірнеше факторларға байланысты болатынын айтты. 
«Мәселен, оңтүстікте асфальттың бір түрі, солтүстікте басқа түрі төселеді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, жалпы бір шақырым жолдың құны – 100 миллион теңге. Орташа жөндеу шамамен 20-50 пайызға қымбатқа түседі. Орташа жөндеудің жарамдылық мерзімі – 5 жыл.
Ал көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев орташа жөндеу кезінде бір шақырым жолдың құны 120 миллион теңгеден 150 миллион теңгеге дейін болатынын айтады.
«Мұнда асфальт жолдың екі қабатына төселеді, жалпы 15 см асфальт қарастырылған», - деді Сәтжан Аблалиев.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив