Риддер тұрғындары бірден екі мерекені атап өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:52 0

Риддерде Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 
Іс-шара барысында «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының қалалық кезеңіндегі жеңімпаздар марапатталды. Үздік деп танылған тоғыз отбасына марапат үлестіріліп, құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар батыр аналарға «Күміс алқа», ал белсенді тұрғындар мен қаланың дамуына және өркендеуіне үлес қосқан БАҚ өкілдеріне қала әкімінің грамотасы, алғыс хаттары табысталды.
Мәдениет үйінде өткен мерекеде Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, облыстық филармонияның солистері мен Риддер қаласы Мәдениет үйінің әртістері ойын-сауық көрігін одан сайын қыздырды.
Сондай-ақ қала тұрғындары мәдениет үйінің фойесінде жергілікті шеберлер  жасаған бұйымдардың көрмесін тамашалады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар