Өскеменде құрылыс салушылардың кінәсінен жұмысы тоқтатылған 627 пәтерлік төрт проблемалық тұрғын үй кешені бар. Бұл баспаналардың тағдыры ШҚО әкімдігінде өткен жиында айтылған.
— «ӘКК «Ертіс» АҚ арқылы үш үй салынып жатыр. Олар – 243 пәтерлі «Делюкс Таун» тұрғын үй кешені, 240 пәтерлі «Астория» тұрғын үй кешені және 144 пәтерлі «Эсмеральдс» тұрғын үй кешені, - деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев. – «Делюкс Таун» тұрғын үй кешеніндегі екі үйдің құрылысын аяқтау үшін жаңа инвестор тартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданды. Биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. «Астория» тұрғын үй кешенін салушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот аяқталғаннан кейін құрылысты жалғастыру туралы шешім қабылданады.
Проблемалық төрт тұрғын үй кешенінің екеуі биыл аяқталады деп уәде етілген. Сот шешімі шыққаннан кейін ғана құрылыс жұмыстары бірінен соң бірі жалғасады.