Есенберлин даңғылы мен Алматы тасжолы арасындағы №1 учаскедегі жол бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 26 күнге жабылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазіргі уақытта Крылов көпірінде (Протазанов көшесінен Астана көшесіне бағытта) орташа жөндеу жұмыстары басталған. Алдымен көпірдің бір бөлігі 10 жұмыс күніне жабылып, жөнделгеннен кейін ашылмақ. Содан соң келесі бөлігінде жөндеу жұмыстары жалғасады.
– Қазақстан көшесінен Кабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстарына байланысты Нұрмағамбетов көшесінде көліктер уақытша қарама-қарсы бағытта бір жолақпен жүреді. Сондай-ақ, Кабанбай батыр мен Қазақстан көшелерінің қиылысы уақытша жабық.Алдағы күндері шектеулер алынып, Нұрмагамбетов көшесіндегі қозғалыс қалыпты режимге оралады, – деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі.