Қазақстандық Altyn Shyghys өңдеу зауыты қытайға тазартылмаған күнбағыс майының партиясын жеткізеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дайын өнімді сатып алушы ҚХР астық резервтерін қалыптастыруға жауапты Sinograin мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы болмақ. Уағдаластық қазақстандық кәсіпорын базасында күнбағыс тұқымын қайта өңдеуді және одан әрі Аспан асты еліне май жіберуді көздейді.
– Жеткізу өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлер мен өңдеушілерді мемлекеттік қолдау құралы ретінде іске қосқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Оның мәні: оператор әр түрлі жеткізушілерден шағын көлемді өнімді толыққанды экспорттық партияларға біріктіреді және шетелдік тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте корпорация тасымалдауды толық сүйемелдейді. 2024 жылы шоғырландыру жобасы бойынша Қытай мен Орталық Азияға жалпы құны 20 млн долларды құрайтын дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасалды. Биылғы жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жұмысын жалғастырды, соның нәтижесінде ҚХР-на қазақстандық өндірістің 1,6 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді, – делінген министрліктің хабарламасында.
Дайын қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтарға шығуына салалық министрліктің, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының және халықаралық әріптестердің бірлескен күш-жігері ықпал етеді. CITIC Construction келісімшарты Астана мен Бейжіңде агробизнестің қатысуымен өткен екіжақты кездесулер нәтижелерінің бірі болды. Қытайлық инвесторлармен және бейінді компаниялармен белсенді диалогты Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚХР-дағы өкілдігі тұрақты негізде жүргізеді.