Облыс орталығында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» жыл сайынғы байқауы, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі мен «Ауыл Аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдерінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, отандық брендтерді ілгерілету және өңірдегі өндірісті дамыту.
«Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауында үш номинация бойынша өңіріміздің келесі кәсіпорындары жеңімпаз атанды:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:
1-орын – «SP Jet» ЖШС. Кәсіпорын пневмо және гидравликалық цилиндрлерге арналған тығыздағыш элементтер, термопластикадан, полиуретаннан, пластиктен және резеңкеден жасалған арнайы бұйымдар, стандартты емес жабдықтар мен гидравликалық цилиндрлер шығарады.
2-орын – «IZOTERM» өндірістік-сауда компаниясы» ЖШС. Кәсіпорын минералды мақта өнімдерін өндіреді.
3-орын – «ПКФ Профиль» ЖШС. Кәсіпорын серіктестік конвейер роликтерін шығарумен айналысады.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы:
1-орын – «Альянс-MEDICA» ЖШС (медициналық дәке, стерильді және стерильді емес таңғыштар шығарады);
2-орын – «Аль-Прима» ЖШС (спорттық киімдер өндіреді);
3-орын – Эльмира Есманбектің жеке кәсіпорыны (ұлттық киімдер шығарады).
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:
1-орын – «Эмиль» ЖШС (сүт өнімдері);
2-орын – «Айтас МП» ЖШС (құс еті);
3-орын – «АС» ЖШС (балық өнімдері).