Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелі қайта ашылуы мүмкін – Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:40 0

Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелін ашу мәселесі қайта қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар өткен жылдың қараша айында қала тұрғындары жаяу жүргіншілер өткелін қайтаруды сұрайтынын айтып, бұл мәселе жөнінде  мамандармен талдау жүргізіп, нақты шешім шығаруымыз керек деп айтқан болатын. Алайда қалалық полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының бөлім бастығы Сергей Коваленко жаяу жүргіншілер өткелі қайта ашылса, жол-көлік апаты жиілейтінін айтып, жаяу жүргіншілер өткелін бұрынғы орнына қайтаруға қарсы болған еді.      

Қазіргі уақытта қала әкімі Алмат Ақышов бұл мәселені жан-жақты зерттеу туралы шешім қабылданып, бұл мәселені қайта қарастыруда.

– Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткеліне қатысты барлық келіп түскен өтініштер мұқият қаралып, тұрғындардың ұсыныстарын талқылау үшін сол орынға бардым. Жаяу жүргіншілер өткелінің қажеттілігі туралы мәселе қала тұрғындарының пікірлері мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып жан-жақты қаралатын болады, – дейді қала әкімі.    

Қала әкімдігі Назарбаев даңғылындағы аллеяны да ретке келтіруді көздеп отыр. Өткелді жарықтандырып, бағдаршамды басқа жерге ауыстыру жоспарланған.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив