Зеренді ауылында спорт мектебі ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:24 0

Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов, облыс әкімі Марат Ахметжанов, прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұртшылық және жергілікті тұрғындар заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен салынған Ақмола облысы Зеренді ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылуына қатысты.

Жаңа мектеп аудан балаларына «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында толыққанды дене шынықтырумен айналысуға, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бас Прокурордың айтуынша, бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғам игілігіне қызмет етуінің және спортты дамытуға жағдай жасаудың жарқын үлгісі болып табылады.

Аталған қаражат есебінен еліміздің әр өңірінде бүгінде 333 әлеуметтік нысан салыныпжатқандығын айта кету керек.

Ақмола облысында — 37 нысан, оның ішінде 26 — сумен жабдықтау нысаны, 10 — медициналық мекеме.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив