Гулбокое ауданындағы туристік нысандардың саны артып, ауқымы кеңейе түспек. Жол бойында санитарлық-гигиеналық желілер салынып, Таулы Үлбідегі атпен серуендеу алаңы абаттандырылмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Глубокое ауданында туристік нысандар қарқынды дамып келеді. Бүгінде ауданда 19 туристік нысан жұмыс істейді, оның ішінде бір экотуризм нысаны – "Зимовье" демалыс үйі, сондай – ақ екі тау шаңғысы курорты - "Нұртау" және "Алтай Альпісі" бар. Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Өңірлік коммуникациялар алаңында баяндады.
– "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 2024 жылдың соңында Таулы Үлбі ауылындағы атпен серуендеу ауласын абаттандыру және жарақтандыру жобасына несие алған. Бұл орынның туристік тартымдылығын арттыруға және ашық ауада демалу үшін жаңа орындар жасауға мүмкіндік береді, – деді.
Сондай-ақ, Предгорное ауылында, "Өскемен-Шемонаиха" республикалық трассасында кафе мен техникалық қызмет көрсету станциясы бар жол бойындағы сервистің жаңа объектісінің құрылысы жүргізілуде.
Жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын Быструха ауылындағы "Заречье" эко-қонақ үйін кеңейту жобасы жалғасуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Зимовье ауылының маңында, "Ульяна" кафесінің жанында санитарлық-гигиеналық желі орнатылмақ.