АЭС салу туралы референдум күзде өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 27-06-2024, 14:49 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтетінін айтты. Бұл туралы ол БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты. 

«Елімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз етпесек, экономиканы дамыту мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан мен атом электр станциясын салу мәселесін қарастыруды тапсырдым. Қазір бұл мәселе ауқымды пікірталас алаңына айналды. Әркім өз көзқарасын айтып жатыр. БАҚ та бұдан қалыс қалмауы қажет», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президенттің айтуынша, елімізде атом энергетикасын дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Оларды дұрыс әрі тиімді пайдалану маңызды. Түпкілікті шешімді "халық қабылдайды" дейді Тоқаев. 

Референдум осы жылдың күзінде өтеді. Нақты күнді үкімет анықтайды.

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда атом электр станциясын  (АЭС) салу туралы айтқан болатын. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив